Сатира жүгін арқалаған бұл театрлар өзара монолог оқып, интермедия қойып, пародия жасап, ән айтып жарысады. Жобаның мақсаты да айқын. Қазіргі айтары арзандап, әзілінен зіл кете бастаған, тиісінше қоғамды сынмен түзейтін жанрларының өзі қоғамдық сынға ұшырай бастаған сахналық сатираның деңгейін қадари-қалінше баяғы уытты, салмақты, өтімді, мәйекті һәм мәдениетті келбетімен қайта қауыштыру. Және бір ескерерлігі, «Ду-думанның» әзіл аренасында бас қосқан атаулы театрлардың қарым-қабілеті мен сахналық салмағы қырағы қазылардың қадағалауында. Төрешілердің көңілінен шығып, ең көп ұпай жинаған ұжым жыл соңында анықталып, бас бәйгеге тігілген шағын автобусты қанжығасына байламақ
Хороший сериал? Поделитесь с друзьями в социальных сетей ;)
загрузка...
Чтобы не пропустить новые сериалы, советуюм подписаться на обновления портала по RSS или по почте: